Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, Ирак әскері мен оның АҚШ басқаратын коалициядағы одақтастары Мосул қаласы үшін шайқастарда халықаралық гуманитарлық құқықты бұзды. Құқық қорғаушылардың пікірінше, кебір заң бұзушылықтарды "әскери қылмысқа" теңеуге болады.
Amnesty International ұйымының 11 шілдеде жарияланған баяндамасында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары жасаған өрескел гуманитарлық құқық бұзушылықтар туралы да айтылды. Құқық қорғаушылардың дерегінше, содырлар бейбіт тұрғындарды тірідей қалқан ретінде пайдаланған.
Мұның алдында, 10 шілдеде, Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади үш жыл бойы басқыншылықта болған Мосул қаласының "Ислам мемлекеті" ұйымынан азат етілгенін жариялады.