Accessibility links

Лавров Тиллерсонға Ресейдің қарымта шараларын түсіндірді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонға Вашингтонның жаңа санкцияларына Мәскеудің қарымта әрекеттерін түсіндірді.

Лавровтың айтуынша, ол АСЕАН елдерінің қауіпсіздік жөніндегі форумы өтіп жатқан Филиппин астанасы МаниладаТиллерсонмен ұзақ сөйлескен. Лавровтың сөзіне қарағанда, америкалық әріптесіне берілген мәлімет президент Владимир Путиннің 30 шілдеде "Россия" телеарнасына берген сұхбатына сәйкес келеді.

Лавров Мәскеудің Вашингтонмен диалог орнатуға әзір екенін, бірақ ол үшін АҚШ "жауласу пиғылынан бас тартуы керегін" айтты.

28 шілдеде Ресей сыртқы істер министрлігі америкалық дипломатиялық миссияның Ресейдегі қызметкерлері санын 455 адамға қысқартқанын, сонымен бірге АҚШ елшілігінің қызметкерлеріне Серебряный Бордағы саяжайларды және Мәскеудегі қоймаларды пайдалануға тыйым салғанын жариялады.

Кремль мұны 27 шілдеде АҚШ Конгресі Ресейге қарсы қабылдаған санкцияларға жауап деп түсіндірді.

XS
SM
MD
LG