Accessibility links

Ресейлік оппозиционер Удальцов түрмеден шықты


Сергей Удальцов, Ресейдегі "Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі, оппозициялық белсенді.
Сергей Удальцов, Ресейдегі "Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі, оппозициялық белсенді.

Ресейдегі "Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі, оппозициялық белсенді Сергей Удальцов Тамбов облысындағы колониядан бостандыққа шықты. Бұл жайында белсендінің әйелі Анастасия Удальцова Facebook-те хабарлады.

Оның сөзінше, Удальцов өзін қолдағандарға алғыс білдіреді және оптимистік көңіл-күйде. Әйелі белсендінің 10 тамызда баспасөз конференция өткізіп, барлық сұраққа жауап беретінін айтты.

2014 жылы шілде айында Мәскеу қалалық соты «Левый фронт» ("Солшыл майдан") қозғалысы үйлестірушісі Сергей Удальцов пен белсенді Леонид Развозжаевты төрт жарым жылға бас бостандығынан айырған. Ол екеуіне 2012 жылғы мамырдың 6-сы күні Мәскеудің Болотный алаңында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған және осындай шараларды Ресейдің өзге қалаларында ұйымдастырмақ болған деген айып тағылған еді.

Развозжаев биыл сәуірдің басында бостандыққа шыққан.

Тамыздың соңында "Болотный ісі" бойынша остталған тағы бір адам - Иван Непомняший де бостандыққа шығуы тиіс.

2012 жылы 6 мамырда өткен "Миллиондар маршы" кезіндегі демонстранттардың полициямен қақтығысына қатысты қозғалған "Болотный ісі" бойынша 30-дан астам адам сотталған.

XS
SM
MD
LG