Accessibility links

Қырғызстан визаны электронды түрде бермек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда 2017 жылдың қыркүйегінен бастап шетел азаматтарына электронды виза беру жүйесі жұмыс істейді. "Электронды виза" жаңа бағдарламасы 9 тамызда таныстырылды.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің директоры Эркин Асангуловтың айтуынша, жаңа электронды жүйе шетел азаматтарына визаны интернет арқылы алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін шетел азаматы evisa.e-gov.kg сайтында арнайы форманы толтыруы керек. Сонымен бірге сурет және төлқұжат көшірмесі жүктеледі. Консулдық төлем банк арқылы төленеді. Өтініш үш күнде қаралады.

Жаңа электронды виза жүйесі "Таза коом" ("Таза қоғам") жобасы аясында жүзеге асты.

XS
SM
MD
LG