Accessibility links

Трамп: Солтүстік Корея үлкен келеңсіздікке ұшырайды


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын пен АҚШ президенті Дональд Трамп.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын пен АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамптың бейсенбі, 10 тамызда журналистерге мәлімдеуінше, ол Солтүстік Корея мәселесінде үнемі келіссөздерді жақтаған. "Бірақ Пхеньян АҚШ-қа зиянын тигізуді ойласа, ол үлкен келеңсіздікке тап болар еді" деді Трамп.

Трамп Солтүстік Кореяға осы бағытынан танбайтын болса, "бұрын-соңды болмаған үлкен келеңсіздікке ұшырайтынын" ескертті.

8 тамызда Washington Post басылымы Солтүстік Корея өз зымырандарын ядролық оқтұмсық оқтай алатынына қол жеткзгенін жазған соң, Трамп Вашингтонның Пхеньян әрекетіне "отты қаһармен" жауап беретінін мәлімдеген. Газет бұл мәліметті АҚШ әскери барлау қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып жасаған.

Трамптың бұл мәлімдемесіне жауап берген Пхеньян Құрама Штаттардың Тынық мұхитындағы Гуам аралында орналасқан әскери базаларына таяу күндері соққы жасау жоспары барын жариялады. Солтүстік Корея осылайша Вашингтонға "ескерту жасамақ" екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG