АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Майк Помпео 13 тамызда Вашингтонда CBS TV Face the Nation телеарнасына сұхбат бергенінде АҚШ-тың Солтүстік Корея басшысына америка территориясына жететін зымыран жасауына жол бермейтінін мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Солтүстік Корея басшысы Кич Чен Ын сияқты "сұрқияның" АҚШ территориясына дейін жете алатын және Америка мен әлемді үрейде ұстайтын оқтұмсығы бар баллистикалық зымыранға ие болуын мақұлдамайтынын айқын ұқтырған.
"Ол бұған жол беруге болмайды деп санайды. Ол тек осыған жол бермейін деп отыр" деді Помпео. ЦРУ директоры Солтүстік Корея АҚШ-қа "әйтеуір бір шабуыл жасайды" деп ойламайтынын айтты.
"Америкалықтар өз билігіқолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын білуі тиіс. Президент барлау қызметі мен қорғаныс министрлігіне АҚШ-ты бұл қауіп-қатерден қорғау үшін барлық нәрсені істеуге рұқсат берді" деді Помпое.
Ол бұған дейін Fox News Sunday бағдарламасына берген сұхбатында Солтүстік Кореяның жаңа зымыран сынағын жасауы мүмкін екенін жоққа шығармаған.
"Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның өзінің зымыран бағдарламасын дамыта беретініне толық сенімдімін. Сондықтан егер тағы бір рет зымыран сыналса оған таң қалмаймын. Олар шілдеде екі рет сынаған. Сондықтан тағы бір сынақ жасалса ол таң қалдырмайды" деді Помпео Fox News Sunday бағдарламасына.