Accessibility links

Прокурор: Өмірбек Жампозов кінәлі деп танылсын


Су торабын жөндеуге бөлінген қаржының жымқыру ісі бойынша күдіктілердің бірі, өзін-өзі өлтірді делінген Өмірбек Жампозов (Сурет Жампозов отбасының жеке архивінен алынды).
Су торабын жөндеуге бөлінген қаржының жымқыру ісі бойынша күдіктілердің бірі, өзін-өзі өлтірді делінген Өмірбек Жампозов (Сурет Жампозов отбасының жеке архивінен алынды).

Ақмола облысының Целиноград аудандық сотында тараптардың жарыссөзінде прокурор Өмірбек Жампозовты кінәлі деп тануды және "қайтыс болуына байланысты жазадан босатуды" сұрады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Өмірбек Жампозов Преображенское су торабын жөндеу жұмыстарына бөлінген 640 миллион теңгені жымқыру айыбы бойынша істегі алты күдіктінің бірі. Ол 20 шілдеде Целиноград аудандық прокуратурасының ғимаратына шабуыл жасап, құқық қорғау органдары қызметкерлерін жарақаттаған. Кейін ол өз-өзін атып өлтірген.

Сотқа әкесінің ресми өкілі ретінде қатысып жатқан Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозов әкесінің кінәсіз екенін айтып, оны ақтауды сұраған.

Сотталушы Қазыкеевтің адвокаты Аманжол Мұхамедияровтың Азаттыққа айтуына қарағанда, прокурор Айгүл Жаманбалина сотталушы Бөрлібаев, Қазыкеев және Тайғұловты 7 жыл бас еркінен айыру және дүние-мүлкін тәркілеуді сұрады. Прокурор сотталушы Төлеуов "кінәсін мойындап, шығынның бір бөлігін өтеп, қылмысты ашуға болысқаны" үші оған 4 жыл түрме жазасын сұрады.

Прокурор сотталушы Бейсебековті "кінәсін мойындап, келтірген шығынды өтегені" үшін бір жылға шартты мерзімге соттауды сұрады.

Өмірбек Жампозовтың өлімінен кейін Қазақстан бас прокуратурасы "өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша іс қозғалып, қаржы жымқыру айыбы бойыyша істің қайта тергеуге жіберілгенін хабарлаған.

Біраз уақыттан соң қаржы жымқыру ісі бойынша сот жалғасып, айыптау тарабы Өмірбек Жампозовтың кінәлі болғанын мәлімдеген.

ВИДЕО: Өмірбек Жампозовтың ісін қайта тергеу (24.07.2017):

Жампозов айыпталған іс қайта тергелмек
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:01 0:00

XS
SM
MD
LG