Accessibility links

АҚШ БҰҰ-ны Пхеньянға қарсы шараны тезірек қабылдауға шақырды


АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты шұғыл жиынында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 4 қыркүйек 2017 жыл.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты шұғыл жиынында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 4 қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли Солтүстік Кореяның сутегі бомбасын сынақтан өткізгені туралы мәлімдемесінен соң өткізілген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында сөйлеп, БҰҰ-ның Пхеньянға қарсы қатаң шаралар қабылдауға шақырды. Хейлидің сөзінше, "ядролық держава болу деген бұл қаруды пайдаланып өзгелерді қорқынышта ұстауға болады деген сөз емес".

Хейли "ядролық державалар өзінің мндетін білетінін, бірақ Ким Чен Ын мұндай түсініктен ада екенін" еске салды. "Оның зымыран ұшыруды теріс мақсатта пайдаланып, ядролық қоқан-лоққы жасауы соғыс тілеп отырғанын көрсетеді. Соғыс - АҚШ қалайтын нәрсе емес, бізге ол қажет емес, бірақ біздің еліміздің шыдамы шексіз емес. Біз одақтастарымыз бен территориямызды қорғаймыз" деді Хейли.

АҚШ елшісінің сөзінше, Қытай мен Ресейдің Солтүстік Корея өзінің ядролық және зымыран бағдарламаларын тоқтатсын, есесіне АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларын доғарсын деген ұсынысын "қорлау" деп атады.

"Режим қолында ядролық қару болып, сізге құрлықаралық баллистикалық зымыранын кезеніп отырса, сіз қорғаныңызды әлсірететін қадам жасауға тиісті емессіз" деп мәлімдеді Ник Хейли. Оның пікірінше, "бұл дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу мүмкіндіктері сарқылды, демек, бұл ең күшті шараларды дереу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қабылдау керек дегенді білдіреді".

"Ең күшті санкциялар ғана бұл проблеманы дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік береді" деді АҚШ елшісі.

Солтүстік Корея билігі 3 қыркүйекте сутегі бомбасын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлаған. Пхеньянның мәлімдеуінше, әскери зарядты құрлықаралық баллистикалық зымыранға орнатуға болады.

XS
SM
MD
LG