Accessibility links

Facebook АҚШ сайлауындағы ресейлік "тролль фермасын" тапқан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Facebook компаниясы америкалық тергеушілерге әлеуметтік желі өткен жылы АҚШ-тағы президент сайлауы кампаниясында АҚШ-тағы сайлаушыларға арналған ақпаратты ілген жарнамалық хабарламаларды сатып алушыларды тапқанын хабарлады.

Facebook-тің қауіпсіздік қызметінің басшысы Алекс Стамос мұндай қорытындыны 6 қыркүйекте блогында жариялады. Оның хабарлауынша, компания Ресейдің АҚШ сайлауына киліккені туралы ақпаратты тексеріп жатқан Конгрестің және әділет министрлігінің тергеушілерімен жұмыс істейді.

Америкалық Washington Post газетінің тергеуге жақын дереккөздеріне сілтеме жасап әлеуметтік желі бұрын Кремльдің саясатын насихаттаған "тролльдер фермасына" шамамен 100 мың доллардың жарнамасын сатқанын жазды.

Алекс Стамос Facebook Ресейге қатысы бар болуы мүмкін, құны 50 мың доллар болатын саяси сипаттағы жарнаманы анықтағанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, 470 сенімсіз тіркеу жазбасы мен парақша қоғамды иммиграция, қаруды еркін ұстап жүру құқығы, гейлер құқығы тақырыптарында жікке бөлуге бағытталған ақпараттар таратқан.

XS
SM
MD
LG