Accessibility links

ИМ тобы Лондондағы жарылысқа жауапкершілікті өзіне алды


Жарылыс болған метро вагоны. Парсонс-Грин бекеті. Лондон, 15 қыркүйек 2017 жыл.
Жарылыс болған метро вагоны. Парсонс-Грин бекеті. Лондон, 15 қыркүйек 2017 жыл.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы қыркүйектің 15-і күні Лондон метросында болған жарылысқа жауапкершілікті алатыны туралы мәлімдеді. Жарылыс салдарынан зардап шеккен 29 адамның жиырмадан астамы ауруханада жатыр, олардың өміріне қауіп жоқ екені хабарланды.

Жұма күні кешке Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй террор қаупінің "ең жоғары деңгейге" дейін көтерілгені туралы жариялады. Бұл биліктің шабуылды "болмай қалмайтын" қауіпке жатқызғанын білдіреді. Полиция өкілеттігінің бір бөлігі қарулы күштерге жүктеледі. Темір жолдар мен қоғамдық көліктерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Полиция метрода жарылғыш зат тастап кеткен күдіктіні іздестіріп жатыр. Sky News телеарнасының хабарлауынша, полиция күдіктінің кім екенін бейнебақылау камерасының көмегімен анықтаған. Метродағы жарылыс теракт ретінде бағаланып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция күдікті туралы ақпаратты әзірше жария еткен жоқ.

XS
SM
MD
LG