Accessibility links

Ердоған мен Роухани Күрдістан мәселесін талқыламақ


Түркия президенті Режеп Ердоған (сол жақта|) мен Иран президенті Хассан Роухани. Исламабад, Пәкістан, 1 наурыз 2017 жыл.
Түркия президенті Режеп Ердоған (сол жақта|) мен Иран президенті Хассан Роухани. Исламабад, Пәкістан, 1 наурыз 2017 жыл.

Түркия президенті Режеп Ердоған Иран президенті Хассан Роуханимен және рухани көсемі аятолла Әли Хаменеимен келіссөз жүргізу үшін Тегеранға бара жатыр.

4 қазанда болатын кездесуде тараптар Ирактың Күрдістан автономиясының тәуелсіздік алу жөнінде референдум өткізу мәселесі талқыланбақ. Күрд диаспоралары тұратын Түркия мен Иран референдумға қарсы шыққан.

"Ердоғанның Иранға сапарына түрткі болған ең бірінші нәрсе - Ирак Күрдістанындағы дағдарыс" деді Францияның Бургунди бизнес мектебінің Иран бойынша сарапшысы Жамшид Ассади "Америка дауысы" радиосына.

"Олар [Иран мен Түркия - ред.] Ирак Күрдістанының тәуелсіздік алғанын қаламайды, себебі ол басқа елдерде, әсіресе Түркия мен Иранда да осындай процеске жол ашатынын біледі" деді сарапшы.

Ирактың Күрдістан автономиясында 25 қыркүйекте тәуелсіздік алу жөнінде референдум өткен. Автономия билігі дауыс беруге қатысқандардың 92 пайыздан астамы "тәуелсіздікті қолдағаны" туралы хабарлаған.

АҚШ пен Батыс елдері және БҰҰ да Күрдістандағы референдум Иракта тұрақсыздық орнатып, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы соғысқа кедергі келтіруі мүмкін де қарсылық білдірген.

Роухани Ердоғанмен 10 қыркүйекте Астанада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінің аясында кездескен.

XS
SM
MD
LG