Accessibility links

Киевте саяси реформа үшін акциясы аяқталды


Оппозицияшыл демонстранттардың Украина парламенті алдындағы полициямен текетіресі. Киев, 17 қазан 2017 жыл.
Оппозицияшыл демонстранттардың Украина парламенті алдындағы полициямен текетіресі. Киев, 17 қазан 2017 жыл.

Украинаның Жоғарғы Радасы 19 қазанда депутаттық қол сұғылмаушылықты алып тастауды қарайтын болды. Бұл - 17 қазанда саяси реформа жасауды сұраған демонстранттардың басты талабы болатын. Бұл акция Украинаның он ірі қаласында өтті.

Киевте "Жаңа күштер қозғалысы" партиясы және оны қолдайтын оппозициялық күштер жақтастары мен полиция парламент ғимараты жанында болған қақтығысып, төрт адам зардап шекті. Жаралылар арасында полиция қызметкері де бар.

Акцияға шыққандар сайлау реформасын жүргізу (парламентте сайлауды пропорционалды жүйе бойынша өткізу), депутаттардың қол сұғылмаушылық құқығын жою және антикоррупциялық сот құру туралы үш талап қойды.

Ұйымдастырушылар қала көшелерінен бейбіт түрде өткенін айтады. Алайда олар алаңға тіккен шатырлары талаптары орындалғанша тұра беретінін мәлімдеді.

Алаңға шыққандардың саны туралы мәлімет әртүрлі: екі мыңнан төрт мыңға дейін. Демонстранттар арасында Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили, "Свобода", "Демократиялық альянс", "Ұлттық корпус" секілді партияның мүшелері бар.

Азаттықтың Украин редакциясының акциядан жүргізген тікелей эфирі

XS
SM
MD
LG