Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов президенттің "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметіне ауысты. Бұл ақпаратты Азаттыққа Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
1975 жылы туған Ғабидолла Әбдірахымов 2015 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы әкімі қызметін атқарған.
"Нұр Отан" партиясы хатшысы болып бұған дейін Зауытбек Тұрысбеков жұмыс істеген. Тұрысбеков биыл жазда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып сайланған.