Бүгін Минскіде Белоруссиядағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шеруі өтті. Билік рұқсат еткен шара құрбандар жерленген Куропат орманында ұйымдастырылды.
Шараға қатысушылар алдымен Челюскіншілер саябағы маңына жиналып, содан кейін Минск шетіндегі Курапат орманына дейін жүріп өтті. Беларусь халық майданы ұйымдастырған акцияға кем дегенде 30 адамның қатысқаны хабарланды. 1930-40 жылдары Курапат қорығында совет билігі өлтірген адамдар жерленген болатын.
ФОТОРЕПОРТАЖ: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі
Биылғы наурыз айында 15 күнге созылған қарсылық шарасынан кейін тарихи объект маңына тұрғызылмақ құрылыс жобасы тоқтатылған. Сонда қарсылық шарасына қатысқандар бизнес-орталық құрылысы Сталин саясаты құрбандары әруағын қорлайды деп мәлімдеген еді.
Президент Лукашенконың режимі өзгеше ойлайтындарға әдетте жол бермеуге тырысады және қарсылық шаралары басып тасталатын.