Accessibility links

Ташкент мешіттерінде дауыс күшейткіш қолдануға рұқсат берілді


Ташкент мешіттерінің біріне намазға жиналған жұрт (Көрнекі сурет).
Ташкент мешіттерінің біріне намазға жиналған жұрт (Көрнекі сурет).

Ташкенттің кейбір аудандарындағы ірі мешіттерде азанды дауыс күшейткіш арқылы шақыра бастады. Өзбекстанда соңғы 10 жыл бойы азан тек мешіттің ішінде оқылып келген.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметі бойынша, Әндіжан және Ферғана облыстарының мешіттерінде елді намазға дауыс күшейткіш арқылы шақыра бастаған.

Ташкенттегі тәуелсіз журналист Абдурахман Ташановтың хабарлауынша, қаланың кейбір мешіттерінде де азан дауысы қатты естіле бастаған.

Ташкент мешіттері бірінің имам-хатибы жергілікті имамдар өздерінің бастамасымен дауыс күшейткішті пайдалана бастағанын айтады. Оған билік тарапы ешқандай қарсылық көрсетпеген.

Ресми мәлімет бойынша, қазір Өзбекстанда екі мыңнан астам мешіт бар, оларда бес мыңнан астам имам жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG