Accessibility links

Судья: "Роснефть" компаниясында Сечинге шақыртуды қабылдамады


Игорь Сечин, "Роснефть" компаниясының басшысы.
Игорь Сечин, "Роснефть" компаниясының басшысы.

Ресейлік "Роснефть" мұнай-газ компаниясының басшысы Игорь Сечин Замоскворецкий сотына бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтің ісі бойынша сотқа бармады. "Дождь" телеарнасының хабарлауынша, судья Сечиннің жұмыс орны сотқа шақыртуды қабылдап алудан бас тартқанын айтты.

"Почты России" компаниясының баспасөз қызметі РБК агенттігіне "Роснефть" басшысын сотқа куәгер ретінде шақырту қағазын "тапсырылатын жеріне жеткізгенін" хабарлады. Бірақ Сечин не себепті шақыртуды ала алмады деген сұраққа "байланыс құпиясы" туралы заңға сілтеме жасап, жауап бермеді.

13 қарашада бұдан бұрынырақ "Роснефть" өкілі Михаил Теонтьев Сечиннің сотқа шақырту туралы қағаз алмағанын мәлімдеген.

8 қарашада Мәскеудің Замоскворецкий соты прокурордың "Роснефть" басшысын сотқа куәгер ретінде шақырту туралы сұрауын қанағаттандырған. 9 қарашада соттың баспасөз қызметі "Роснефть" компаниясына Сечинді сотқа шақырту жолданғанын хабарлаған.

Алексей Улюкаев өткен жылдың қарашасында "Роснефть" кеңсесінде ұсталып, содан бері үйқамақта отыр. Тергеу болжамына қарағанда, ол Игорь Сечиннен "Башнефть" компаниясын сатып алу келісіміне оң баға беру үшін екі миллион доллар пара бопсалаған.

Экс-министр өзіне тағылған айыпты терістеп, өзін ұстау мен қылмыстық іс қозғауды "Роснефть" мен Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің арандатуы деп біледі.

XS
SM
MD
LG