Accessibility links

Бішкек: Шекарадағы жағдайдан бюджет түсімі азаюы мүмкін


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақ-Тілек" тексеру және өткізу бекеті. 6 қараша 2017 жыл.
Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақ-Тілек" тексеру және өткізу бекеті. 6 қараша 2017 жыл.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты Қырғызстан шекарасына түсетін қаржы азаюы мүмкін деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясына қаржы министрлігінің қоғаммен байланыс секторының басшысы Гүлмира Туголбаева. Оның сөзінше, қаржы түспей қалуы ықтималдығынан бюджет түсімінің азаю қаупі бар. "Мұны мойындаймыз және бұл мәселені қалай шешу жайын қарастырып жатырмыз" деді Туголбаева.

Ол бұл мәселемен қаржы министрлігі, мемлекеттік салық қызметі мен кеден қызметі айналысып жатқанын жеткізді. Қаржы министрлігі бюджетке түсетін қаржының азаюына қатысты ақпарат алдын ала болжам екенін, түпкілікті ақпарат 2017 жылдың бюджетіне өзгерістер енгізу кезінде ұсынылатынын айтады.

БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, Қырғызстан қаржы министрі Адылбек Қасымалиев 13 қарашада парламенттегі комитет отырысында шекарадағы жағдай салдарынан "бюджет кедендік алымдардан түсетін 400-500 миллион сомнан қағылуы мүмкін" екенін айтты.

7 қазанда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев президенттікке кейбір кандидаттар мен Қазақстан билігінің атына қатар сын айтқан. Осыдан көп ұзамай, 10 қазанда Қазақстан Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, шекараның қырғыз жағында жүк көліктерінің кезегі пайда болған. Тараптар 19 қазаннан бастап жолаушылар көлігі мен жүгі бар жолаушыларды өткізуді жеңілдетуге келіскен болатын.

Астана шекарадағы тексеруді Қырғызстаннан келетін "контрабандамен күресу үшін" күшейткенін айтады. Бішкек Қазақстан шекарада "қолдан кедергі жасап отырғанын" айтады.

Фотогалерея: Қазақ-қырғыз шекарасынан кезек арылмады (17.10.2017)

XS
SM
MD
LG