АҚШ-тың Калифорния штатындағы Red Bluff округінде 14 қарашада жартылай автоматты мерген мылтығымен және тапаншамен қаруланған адам түрлі нысанда, оның ішінде мектепте оқ атты. Атыс салдарынан төрт адам қаза тауып, он адам, оның ішінде екі бала жараланды. Шабуыл жасаған адам полициямен атыста оққа ұшты.
Билік шабуыл жасады деген күдіктінің аты-жөнін айтпай отыр. Тек оның жергілікті тұрғын екені және шабуылды "көршілерімен жанжалдасып қалған соң" жасаған болуы мүмкін екені хабарланды. Шабуылдаушы нақты бір нәрсені көздеп атпаған, ол әлдебір жерден айдап кеткен көлікпен жүріп, округте жеті жерде оңды-солды оқ атқан. Ол мектепте оқ атып, ғимаратқа кіруге ұмтылған.
Атыс бас-аяғы 45 минутқа созылған. Көршілерінің айтуынша, олар алдымен полицияға хабарласып, атыс қаруынан оқ атып жүрген адам жайлы шағымданған.
Red Bluff округінде ұялы байланыс жоқ деуге болады. Жергілікті тұрғындар оқиға туралы Facebook-тегі топтық чаттан білген.
Америкалық саясаткерлер, оның ішінде губернаторлар, сенаторлар, вице-президент Майк Пенс атыстан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.