Азаттықтың Түркімен редакциясының тілшісі Солтан Ачилованы әлдекімдер тағы да қорқытты. Ашхабадта тұратын 68 жастағы журналистің ізіне түсіп, кейін ашықтан ашық талап қоя бастаған.
Солтан Ачилованың айтуынша, журналисті аңду 14 қарашада басталған.
"Шабуылдаған адам маған айқайлап, тағы да суретке түсірсең, басыңды таспен жарам деп қорқытты" деді Ачилова.
Сонымен бірге ол журналиске "үйден шықпай отыр, әйтпесе өлесің" деп қорқытқан. Ізіне түскен автокөлік оның үйіне дейін еріп барған.
2016 жылы қарашада Солтан Ачиловаға үш мәрте шабуыл жасалды.
Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы 25 қазанда жасаған мәлімдемесінде Солтан Ачилованың қудалануын айыптап, журналиске шабуылды "билікті сынаушының үнін өшіру үшін ұйымдастырылған әрекет" деп атаған.