Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы "Донецк халық республикасы" және "Луганск халық республикасының" басшылары Александр Захарченко және Игорь Плотницкиймен телефонмен сөйлесіп, Донбаста тұтқын алмасу мәселесін талқылады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.
Путиннің жікшіл аймақ басшыларымен әңгімелескені алғаш рет ресми түрде жарияланып отыр. Тұтқын алмасу туралы бастаманы "Украинский выбор" қозғалысының жетекшісі Виктор Медведчук көтерген. 15 қарашада Медведчук Путинмен кездескен.
Медведчуктың айтуынша, Украина билігі жыл соңына дейін шамамен үш жүз тұтқын алмастыруға дайын.
Украина билігінің мәліметіне қарағанда, "тәуелсіздігін" жариялаған республикаларда кем дегенде 144 Украина азаматы тұтқында отыр. Киев олардың 87-сінің қайда отырғанын анықтаған. Үш жыл қарулы жанжал кезінде шамамен үш мың украин азаматы тұтқыннан бостатылған немесе табылған. Тағы төрт жүз адамның қайда екені белгісіз.