Accessibility links

Павлодарда Ленин көшесінің атауын өзгертетін болды


Павлодардағы Ленин көшесінің қиылысы. (Сурет авторы - Федор Ковалев.)
Павлодардағы Ленин көшесінің қиылысы. (Сурет авторы - Федор Ковалев.)

Павлодар қалалық мәслихаты қала орталығындағы Ленин көшесінің атын Астана көшесі деп атауды мақұлдады. Көше атауын өзгерту мәселесін Павлодар әкімдігі бір топ тұрғынның Ленин көшесін Астана көшесі деп өзгерту туралы ұсынысынан кейін көтерген.

Қарашаның ортасында Ленин көшесінің атауын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өткен. Оған қатысқандардың пікірі бір жерден шықпаған. Өзгертуді жақтайтындар мұны уақыт талабы деп түсіндірген. Оған қарсылар қала мен мемлекет тарихына құрмет көрсету керегін айтқан. Жергілікті ақпараттық сайттар жиынға қатысқан кейбір адамдардың мәселені референдумға салуды ұсынғанын хабарлады.

Оқыңыз: Ленин көшесінің атын өзгерту жоспары қарсылыққа кезікті

21 қарашада өткен қалалық мәслихат сессиясында депутаттар көпшілік дауыспен Ленин көшесін Астана көшесі деп өзгертуді қолдаған. "Sputnik Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, депутат Мақсат Айтышев көшенің жаңартылған атауы бар маңдайша жазу 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күніне қарай пайда болатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG