Accessibility links

Жээнбеков Ресей және Қытаймен қатынасқа басымдық берді


Сооронбай Жээнбеков ұлықтау салтанатында сөйлеп тұр. Бішкек, 24 қараша 2017 жыл.
Сооронбай Жээнбеков ұлықтау салтанатында сөйлеп тұр. Бішкек, 24 қараша 2017 жыл.

Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков ұлықтау салтанатында Қырғызстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт елдің ұлттық мүдделерін қорғау болатынын мәлімдеді. Ол Қырғызстан Ресеймен қарым-қатынасты дамытып, онымен одақтастықты күшейтетінін, Қытаймен қарым-қатынас өзара тиімді ынтымақтастық бағытында дамитынын айтты.

Жээнбеков Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл көп ғасырлық бауырластыққа негізделгенін және қарым-қатынас "өзара құрмет пен бір-бірінің ісіне килікпеу ұстанымында" дамуы тиіс екенін мәлімдеді.

Қырғызстанның жаңа сайланған президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін Бішкекте ант қабылдап, қызметіне кірісті. Ол 15 қазанда өткен президент сайлауында 54 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG