Accessibility links

Астана: Бішкек суды өз бетімен бөгей алмайды


Асқар Мырзахметов, Қазақстан премьер-миинстрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі.
Асқар Мырзахметов, Қазақстан премьер-миинстрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға су бермей қоюдың маңыздылығы туралы айтқан сөзіне комментарий берді.

Атамбаев 20 қарашада Қырғызстан президенті ретінде өткізген қорытынды баспасөз конференциясында Қазақстан Қырғызстанға "блокада" қойғанын мәлімдеп, "Қырғызстан егер Қазақстанға су беруді тоқтатса, шекарадағы жағдай бірден дұрысталатынын" айтқан.

Мырзахметовтің пікірінше, Қырғызстан трансшекаралық өзендерді пайдаланудың халықаралық келісімдеріне сай су беруді бір жақты түрде тоқтатып, я бөгей алмайды. "Қырғызстан бұл ережелерді сақтауы тиіс" деді Мырзахметов парламент жиынының арасында журналистер сұрағына жауап беріп тұрып.

Мырзахметов "Қазақстанның да өз есебі барын" және елдің ауыл шаруашылығы көрші елдерге тәуелді екенін де айтты. "Біз жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді вегетация кезеңінде қажетті көлемдегі сумен қамту шараларын жасаймыз" деді министр.

Оқыңыз: Атамбаев "көршіге сабақ" болатын ісіне өкінбейтінін айтты

Қырғызстан өткен айда "жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіне байланысты" Қазақстанмен шекаралас Талас облысындағы Киров су қоймасынан Жамбыл облысына су жіберген. Қазақстан билігі су жіберудің алдын ала келісілгенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG