Грузияның Аджария аймағының орталығы Батуми қаласындағы "Леогранд"қонақүйінде жұма күні болған өрт салдарынан 11 адам қазаға ұшыраған, олардың бірі – Иран азаматы деп хабарланды. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қонақ үйден жүзге жуық адамды шығарған, жиырмадан аса адам ауруханаға жеткізілген, арасында Түркия мен Израиль азаматтары бар.
Алдын ала деректер бойынша, өрттің шығуына мейманхана ғимаратында орналасқан SPA-салондағы электр желісіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Қонақ үйде "Мисс Грузия"байқауына қатысушылар болған, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.
Грузия ішкі істер министрі Георгий Гахария қонақ үйде төтенше оқиға кезінде шұғыл шығуға арналған саты жоқ екені анықталғаны туралы хабарлады.