Гаага халықаралық сотында өзіне қатысты үкімді естігеннен кейін хорват генералы Слободан Пральяк ішкен удың құрамы анықталды. Оның құрамында цианды калий болуы мүмкін. Генералдың қазасына байланысты жүргізілген сараптаманың алдын ала қорытындысы туралы Нидерланд прокуратурасы хабарлады.
Тергеушілер Пральяктың әлгі уды сот залына қалай алып кіргенін әзірше анықтамаған.
Қарашаның 29-ы күні бұрынғы Югославия бойынша Гаагада құрылған халықаралық трибуналының апелляциялық палатасы 1990 жылдары Югославияда жасалған әскери қылмыстарға айыпты деп танылған 72 жастағы босниялық хорват Слободан Пральякқа 2013 жылы шығарылған «20 жыл түрме жазасын тағайындау» туралы үкімді күшінде қалдырған. Сот отырысы кезінде үкіммен келіспейтінін айтқан Праляк "у іштім" деп мәлімдеп, қолындағы кішкене құтыны аузына төңкере салған. Осыдан кейін дәрігер шақырылып, сот отырысы кейінге шегерілген. Пральяк сол күні ауруханада қайтыс болған.