Accessibility links

Роберт Мюллер "сот әділдігіне кедергі келтіру" ісін дайындап жатыр


Роберт Мюллер, АҚШ-тың арнайы прокуроры.
Роберт Мюллер, АҚШ-тың арнайы прокуроры.

АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауы кампаниясына "Ресейдің араласуы" ісін зерттеп жатқан АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер "сот әділдігіне кедергі келтіру ісі" бойынша фактілер жинап жатыр. Бұл жөнінде Politico америкалық басылымы сенатор-демократ Дайан Файнштейннің NBC телеканалына берген сұхбатына сілтеме жасап жазды.

Файнштейннің сөзі бойынша, прокурордың өзі тергеу ісін жарияламай отыр. Бірақ Трамптың бұрынғы ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Майкл Флиннің кінәсін мойындауы мен тергеу ісіне көмектесуі жөніндегі сөздері, сонымен бірге Трамп әкімшілігімен жұмыс істегенін мойындауы "сот әділдігіне кедергі келтіру" ісін дайындауға себеп болуы мүмкін дейді сенатор.

Дональд Трамп Джеймс Комиді 2017 жылдың мамыр айында Федералдық тергеу бюросының директоры қызметінен кетіргеннен кейін, Мюллер "сайлау кампаниясына Ресейдің араласуы" ісін тергеуді бастаған. Бір айдан кейін, арнайы тыңдауда жауап берген Коми Трамптың өзіне қысым көрсеткенін айтқан. Комидің сөзінше, президент Флиннің Ресей билігі өкілдермен байланысын тексермеуді талап еткен.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп президент кампаниясы жетекшілері мен Ресей үкіметі агенттері арасында байланыс болғанын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG