Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан 2018-2020 жылдарға кепілді трансферт бөлу туралы заңға қол қойды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев бүгін сонымен қатар "Республиканың 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы" заңға да қол қойды.
Бұған дейін парламент мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гұлжан Қарағұсова мәжілісте республиканың 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасы туралы заң жобасы мен Ұлттық қордан 2018-2020 жылдары бөлінетін кепілдендірілетін трансферт туралы заң жобасын талқылау кезінде алдағы үш жылда Ұлттық қордан бюджетке 6,9 триллион теңге қаржы бөлу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.