Accessibility links

Жоғарғы сот пен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылары ауысты


Қайрат Мәми (сол жақта) Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында отыр. Астана, 2 маусым 2017 жыл.
Қайрат Мәми (сол жақта) Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында отыр. Астана, 2 маусым 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Мәмиді Конституциялық кеңес төрағасы етіп тағайындады. Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарлауынша, Назарбаев бұған қоса Алик Шпекбаевті мемлекеттік қызметі істері және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы етті. Шпекбаев бұған дейін осы агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Қайрат Мәми бұдан бұрын Жоғарғы сот төрағасы болған. Бүгін бұның алдында президент Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы етіп осы кезге дейін бас прокурор болған Жақып Асановты тағайындаған.

XS
SM
MD
LG