Ташкентте тәуелсіз журналист Сид Янышевті "Настящее Время" телеарнасымен байланыс орнатқаны үшін милиция ұстады. Оны алты сағат бойы милиция бөлімінде тергеп, түсірген суреттері мен видео материалдарын өшірген соң ғана босатқан.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, Янышевті үйлері сүрілетін тұрғындармен сөйлескені үшін ұстаған. Тұрғындарға билік үйлерін босатуға он тәулік уақыт берген.
Журналист жергілікті тұрғындармен сұхбаттасып, оларды суретке түсірген. Бірақ оған екі милиция қызметкері келіп, Өзбекстанда "тәуелсіз журналист" деген түсінік жоқ екенін, журналистік қызмет атқару үшін міндетті түрде тіркелу қажетін айтқан.
Сид Янышев "Настоящее время" үшін Өзбекстанның шынайы өмірін көрсететін бірнеше сюжет дайындаған.
Өзбекстанда милиция тіркелмеген журналистерге ғана емес, туристерге де суретке түсіруге рұқсат бермейді.