Accessibility links

Көміршілер кәсіподағының жетекшісі сотқа шақырылды


Көміршілердің "Қорғау" кәсіподағының жетекшісі Марат Миргаязов.
Көміршілердің "Қорғау" кәсіподағының жетекшісі Марат Миргаязов.

"АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясының басшылығымен келіссөзге қатысып жатқан "Қорғау" көміршілер кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов бейсенбіде сотқа шақырту алды. АМТ төртінші күнге созылған кеншілердің ереуілін заңсыз деп тану туралы сотқа арыз түсіріп, Миргаязовты жауапкер ретінде көрсеткен.

– Сотқа қатыспадым, шақырту жетті. Келіссөз басталғанда-ақ осылай боларын түсінгем. Компанияның мені айыптайтынын, ұйымдастырушы деп көрсететінін білгем. Жалақы өсіру туралы келіссөзге мен кәсіподақ пен мүшелерінің атынан бардым ғой, - деді Миргаязов Азаттыққа.

Алдын-ала тексеру жарияланған Шахтинск қалалық соты Азаттыққа АМТ компаниясынан талап-арыз түскенін растады. Сот өкілі процесс кезінде жауапкерлердің өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеп, басқа ақпарат бере алмайтынын айтты.

Көре отырыңыз: Шахтадағы шерулер тарихы

Шахтадағы шерулер тарихы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өзі сотқа арыз түсіргені туралы ештеңе айтпады. Жергілікті БАҚ АМТ компаниясының Шахтинск, Сарань мен Абай қалаларындағы сотқа шағымданғанын жазды.

Шахтинск қалалық соты бейсенбіде АМТ компаниясының "шахталардағы ереуілді тоқтату" туралы арызын қанағаттандырды. Сот ұйғаруында жұмысшылардың аты-жөндері көрсетілген және бұл нұсқаудың дереу іске асыру керектігі жазылған. Ұйғарудың орындалуын қадағалау қалалық прокурорға жүктелген.

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының төрт шахтасында жүздеген кенші төрт тәуліктен астам уақыт жер астында отыр. Жер бетіне шығудан бас тартқан кеншілер бірнеше талап қойған. Олардың ең бастылары - жалақыны 100 пайызға көбейту, зейнеткерлікке 50 жастан шығару, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемді 100 пайызға дейін толық төлеу, 2017 жылдың "13-ай жалақысын" төлеу.

Бұған дейін компания бас директоры Парамжит Калон "шахта жұмысын тоқтатып, жер астында рұқсатсыз отыру - мәселені шешпейтінін" айтып, ереуілдеп жатқан кеншілерді шахтадан шығуға шақырған болатын.

Көре отырыңыз: Кеншілер ереуілі төртінші тәулікке жалғасты

Кеншілер ереуілі төртінші тәулікке жалғасты
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Ал облыс әкімінің баспасөз қызметі бастамашыл топ өкілдерімен кеше өткен кездесуде "АрселорМиттал Теміртау" басшысы компания кеншілер өкілдерімен шахталардағы барлық кеншілер таяу уақытта жер бетіне шыққан жағдайда ғана келіссөз бастауға даяр екенін хабарлаған.

Әкімдік компания "бұл талап орындалған жағдайда кеншілерге қатысты қандай да бір жазалаудың болмайтынына кепілдік беретінін" айтқан.

Бейсенбіде Сенат депутаты, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева: "Қазақстан президенті Қарағанды облысындағы жағдайды жіті бақылап отыр" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG