Украина қауіпсіздік қызметі «ел үкіметінде жұмыс істеп, Ресейдің мүддесі үшін тыңшылықпен айналысқан» қызметкерді ұстағанын мәлімдеді.
Арнайы қызмет ұсталған шенеуніктің аты-жөнін жарияламай отыр. Бірақ оның Ресейге ұзақ уақытқа барған жұмыс сапары кезінде Ресей арнайы қызметіне тартылғаны және Украина үкіметінің құрылымы жөнінде "ішкі құпия ақпарат" жинаумен айналысқаны айтылады.
«Ол [ұсталған адам – ред.] - өте жауапты, Ресей арнайы қызметіне тиянақты түрде ақпарат беріп отырған»деп мәлімдеді Украина қауіпсіздік қызметі барлау департаментінің басшысы Алексей Петров.