Accessibility links

ОҚО: Тағы екі адам газдан уланды


Газ баллондары (Көрнекі сурет)
Газ баллондары (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылында 2 жастағы бала газдан уланып көз жұмды. Бұл туралы Азаттыққа «ҚазТрансАймақ» компаниясы облыстағы филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазығұрт ауылында газдан уланған 1994 жылы туған тұрғын мен оның екі жастағы баласы ауруханаға жеткізілген. Баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Уланған әйелдің жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр» делінген хабарламада. Компания газдың қайдан шыққанын анықтап жатқанын айтады.

Соңғы айда Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында газдан уланған немесе газ жарылуынан көз жұму оқиғалары жиіледі. Шымкент қаласының өзінде желтоқсанның басынан бері газ жарылысынан және газдан уланып 10 адам қайтыс болды. 25 желтоқсан күні кешке Сарыағаш қаласындағы жеке үйде табиғи газбен жанатын жылыту құрылғысының дұрыс жалғанбауынан 1983 жылы туған азамат газдан уланып қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG