Accessibility links

Киев пен сепаратистер тұтқын алмаса бастады


Тұтқын алмасуды күтіп тұрған Украина тарабы. 27 желтоқсан 2017 жыл.
Тұтқын алмасуды күтіп тұрған Украина тарабы. 27 желтоқсан 2017 жыл.

Украина мен Донецк, Луганск сепаратистері тұтқын алмаса бастады. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Киев уақыты бойынша күндізгі сағат он екіге белгіленген шара екі сағат кешігіп басталды.

Тұтқындар отырған көліктер Горловка қаласының маңындағы "Майорское" бекетіне келді. Бірақ сепаратистер Киевті келісімді бұзды деп айыптады. Олардың айтуынша, Киев уәде еткендей тұтқын алмасу өтетін жерге апаратын жолдарды жаппаған.

Украинаның бұқаралық ақпарат құралдары Киев уақыты бойынша сағат 14:00-ге таман тараптар өзара алмасатын тұтқындардың тізімі жайлы келіскенін жазды. Осыдан кейін автобустар шекара сызығына қарай жылжыды. Украина жағында қалғысы келіп, сепаратистерге қайтудан бас тартқан 10 тұтқын туралы хабар бар.

Тұтқындардың алғашқы легі 15:00-ге дейін алмастырылған. Бостандыққа шыққандарды Украина президенті Петр Порошенко құттықтады. "Новости Донбаса" басылымы "Луганск халық республикасының" (ЛХР) өкіліне сілтеме жасап, украиналық тараптың 73 тұтқынды қайтарғанын хабарлады. ЛХР 16 адамды босатып, Киевке жөнелткен.

Киев пен "Донбасс халық республикасының" (ДХР) арасында тұтқын алмасу жүріп жатыр.

Азат етілген украиналықтар ұшақпен Харьковқа жеткізіліп, президент Порошенкомен кездеседі. Сосын үйлеріне қайтарылады.

Киев арасында журналистер, әскерилер және еріктілері бар 74 азаматы үшін "ДХР" мен "ЛХР"-ға 306 тұтқынды қайтарады.

Украинаның мәліметінше, Донецк пен Луганскіге қайтқысы келмеген 30 адамның ендігі тағдыры не болатыны әзірге белгісіз.

Киевтің айтуынша, сепаратистер 144 украиналық азаматты тұтқында ұстап отыр. Донбасстағы жанжалда үш жыл ішінде үш мыңнан аса Украина азаматы тұтқыннан босатылған не жоғалғандары табылған. Із-түссіз жоғалған төрт жүздей адам әлі табылмай отыр.

XS
SM
MD
LG