Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 28 желтоқсанда "терроризмді насихаттады" деген күдікпен үш адамды қамауға алғанын хабарлады.
"Ұсталған күдіктілер өздерінің айналасында халықаралық террорлық ұйымдарға қолдау көрсетуге шақырған. Шетелге барып, оларға қосылуға үндеген. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр" деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Қараша айының аяғында Алматы полициясы "қоғамдық тәртіпті бұзатын акция" ұйымдастырмақ болған күдікті топтың ұсталғанын хабарлаған.