Accessibility links

Киев құқық қорғаушы өліміне қатысты күдіктінің ұсталғанын хабарланды


Ирина Ноздровская.
Ирина Ноздровская.

Украина ішкі істер министрлігі құқық қорғаушы Ирина Ноздровскаяның өліміне қатысты күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

1 қаңтарда полиция Вышгород ауданындағы өзенде әйелдің өлі денесі табылғанын хабарлаған. Кейін оның құқық қорғаушы Ирина Ноздровская екені анықталған. Ноздровская 2015 жылы қыркүйекте Вышгород аудандық судьясының туысы көлігімен қағып өлтірген әпкесінің ісін әділ тергеумен айналысып жүрген.

2017 жылы мамырда қайғылы оқиғаға кінәлі адам жеті жылға сотталған. Айыпталушының қорғаушылары үкімге апелляциялық шағым беріп, оны сот қабылдамай тастаған. Ноздровскаяның туыстары мен жақындары оған айыпталушы жағынан қоқан-лоқы жасалғанын, құқық қорғаушы ол жайында полицияға хабарлағанын айтады.

XS
SM
MD
LG