Accessibility links

Сот Яшиннің Мәскеу мэріне қарсы шағымын қабылдамады


Илья Яшин, оппозициялық саясаткер.
Илья Яшин, оппозициялық саясаткер.

Мәскеудің Таган аудандық соты оппозициялық саясаткер, Красносельский ауданы депутаттар кеңесінің басшысы Илья Яшиннің Мәскеу мэрі Сергей Собянинге қарсы шағымын қараудан бас тартты. Бұл туралы Яшин Facebook-те хабарлады.

Шағым Мәскеу мэриясы тыйым салған 24 желтоқсандағы «Еркін сайлау күні» акциясына қатысты берілген болатын. Саясаткердің сөзінше, судьяның «Собянинге қарсы шешім қабылдауға» дәті жетпеген. Яшиннің пікірінше, бұған қоса мэрия «сот отырысына дайындығы жоғары заңгерлерді жіберуге талпынбаған».

Саясаткер бұған дейін мәскеулік судьялардың қалай жұмыс істейтінін білмейтінін, бірақ «жүйелі түрде қимылдап, пікірлестерімен бірге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқығын қорғағысы келетіндіктен» сотқа шағымданғанын айтқан болатын.

24 желтоқсанда Яшин Красносельский ауданында ​«Еркін сайлау күні» акциясын ұйымдастырған. Акция аудандық мереке ретінде өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ алдымен мэрия, кейін прокуратура мен қалалық сот акцияны заңсыз деп жариялаған. Нәтижесінде шара депутатпен кездесу түрінде өткізілген. Шара кезінде ешкім ұсталмағанымен, кейін Яшинге ұйымдастырушы ретінде айыппұл салынған.

XS
SM
MD
LG