Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы сотының бұрынғы төрағасы Омар Серікбаев үш жарым жылға сотталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
«Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Түркістан қалалық сотының төрағасы «қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасады» деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сотта айыпталушы айыбын толық мойындады» деді Азаттыққа аудандық соттың судьясы Сәбит Төреханов.
Судьяның сөзінше, іс сотта жарты сағат қаралған. Айыпталушы прокурормен процессуалдық келісім жасасқан. Төраға үстінен қылмыстық іс қозғалғаннан соң қызметінен босатылған.
Үкім заңды әлі күшіне енбеген.