Accessibility links

Астана Минскінің Украина келіссөзі туралы сынына жауап берді


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана.

Астана Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусьтің Украина бейбіт келіссөзі өтетін жерді Минскіден Астанаға ауыстыруды сынаған мәлімдемесіне жауап берді.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев 22 қаңтарда Астанада журналистерге Қазақстан Минскіде өтетін келіссөздің маңыздылығына «күмән келтірмейтінін» және Беларусь астанасында қол қойылған бейбіт келіссөзді «құрметтейтінін» айтты.

«Біз Минск процесіне килігіп отырған жоқпыз. Бірақ, Қазақстан мәселенің шешімін табуда қолдау көрсетуге үнемі дайын» деді Ашықбаев. Ол бұған қоса Астана жанжалдасушы тараптар сұрағандай болса, келіссөз өткізуге алаң ұсынуға барлық күшін сарп ететінін айтты.

Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей қаңтардың 19-ында келіссөздерді жаңа орынға ауыстырғаннан өзгеріс болмайтынын айтқан. "Егер табысқа жетеді деген нық сенім болса, онда Украина бойынша келіссөздерді тіпті Антарктидаға ауыстыруға болады", - деген Макей. Оның мәлімдеуінше, Беларусь өзгелермен салыстырғанда "бітімгер атануға тыраштанбайды".

Ал Кремль 2015 жылы жасалған Минск келісімдерінің талаптарын орындаубейілділік Украинадағы жанжалды реттеу жөніндегі келіссөз өтетінорыннан да маңызды екенін мәлімдеген.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада АҚШ-қа сапары барысында Ақ үйде президент Дональд Трамппен кездесуінде Украина тақырыбын талқылағандарын, Трамп ол келіссөздерді басқа жерге ауыстыруды ұсынғаны туралы айтқан болатын.

Минскіде 2014 жылдан бері Украинадағы жанжалды реттеуге бағытталған бейбіт келіссөздің бірнеше кезеңі өткен. Минскіде 2014 жылы қыркүйекте және 2015 жылы ақпанда Донбастағы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанына қарамастан, жанжал әлі күнге толық реттелмей отыр.

2014 жылы көктемде Украинаның шығысында үкімет әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында қарулы жанжал басталғалы бері 10 мыңнан аса адам құрбан болған.

XS
SM
MD
LG