Accessibility links

Түркия армиясы Сирияда бірнеше елді мекенді басып алды


Сирия қарулы оппозициясы Африн аймағында Түркия армиясы жағында соғысып жүр. Сирия, 22 қаңтар 2018 жыл.
Сирия қарулы оппозициясы Африн аймағында Түркия армиясы жағында соғысып жүр. Сирия, 22 қаңтар 2018 жыл.

Түркия әскері Сирияның сотүстік-батысындағы күрдтер тұратын Африн аймағында бастаған әскери операциясының үшінші күні бірнеше елді мекенді басып алды. Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Анкара күрд жасақтарын басып алған бекіністерінен тықсырып шығармақ.

22 қаңтарда Түркия сириялық көтерілісшілердің көмегімен Африн аймағының біраз жеріне бақылау орнатты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресеймен келіссөз жүргізіп жатқан кезде де шабуыл бәсеңсімейтінін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл әскери операция "Ресейдің келісімімен жүргізіліп жатыр".

Анкара күрд полициясын Түркияда 30 жылдан астам уақыт автономия алу үшін күрес жүргізіп келе жатқан Күрдістан жұмысшы партиясының одақтасы санайды. АҚШ басқаратын коалиция құрамында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен соғысқан күрд милициясы "Күрдістан жұмысшы партиясымен" тікелей байланысы барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG