Accessibility links

БАҚ: Африндағы әскери операция басталғалы 89 адам өлген


Сирияның Түркиямен шекарасы маңындағы нысанаға түрік әскери ұшағының соққысынан кейін әуеге көтерілген түтін. 21 қаңтар 2018 жыл.
Сирияның Түркиямен шекарасы маңындағы нысанаға түрік әскери ұшағының соққысынан кейін әуеге көтерілген түтін. 21 қаңтар 2018 жыл.

Сирияның солтүстігіндегі Африн провинциясында Түркия "Зәйтүн бұтағы" әскери операциясын бастағалы бері 89 адам қаза тауып, 198 адам жараланды деп хабарлады күрдтердің ANF News агенттігі аймақтың денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап. Агенттік мәліметінше, қаза тапқандардың көбі – әйелдер мен балалар. Денсаулық сақтау департаменті халықаралық ұйымдарды Африна ауруханасына дәрі-дәрмектен көмек жасауға шақырған.

Бұған дейін түрік әскерилері операция басталғалы бері күрд қарулы топтарының 400-ге жуық жасағы өлген деп хабарлаған. Сонымен бірге екі түрік әскериі қаза тауып, 11-і жараланды деген ақпарат таратқан.

Анкара 20 қаңтарда Сирияның солтүстігінде "Зәйтүн бұтағы" операциясын бастаған. Түрік билігі күрдтердің өзін өзі қорғау топтарын "терроршыларды қолдаушы" санайды және оларды ығыстырғысы келеді. Күрдтер жасағы АҚШ бастаған коалиция құрамында Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы жихадшыларына қарсы күреске қатысып жатыр.

Күрдтер бақылауындағы аймақта АҚШ-тың бірнеше жүз сарбазы орналасқан. Сенбі күні Түркия АҚШ-ты Сирияның солтүстігіндегі Манбидж қаласынан әскерін әкетуге шақырды. Түркия президенті Режеп Ердоған түрік әскері Сирияның Идлиб провинциясына дейін бара алады деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG