Accessibility links

Трамп: Париж келісіміне қайта қосылуға болады


Дональд Трамп, АҚШ прездиенті.
Дональд Трамп, АҚШ прездиенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісіміне үлкен өзгерістер жасалса ғана АҚШ-тың ол келісімге қайта қосылатынын мәлімдеді. «Егер жақсы келісім жасалса оған оралуымызға қашан да мүмкіндік бар» деді Трамп ITV телеарнасынан 28 қаңтар күні көрсетілген сұхбатында.

«Келісімге қайта оралған болар едім. Егер кім де кім «Париж келісіміне қайта қосылыңыз» дейтін болса, онда ол мүлдем басқа келісім болуы керек. Себебі ол өте нашар келісім болған. Париж келісімі біз үшін апат болды» деді Трамп 2015 жылы 12 желтоқсанда Парижде қабылданған келісімді меңзеп.

Ауаға парник газдарын шығаруды азайтып, ғаламдық температураның жоғарылуына қарсы іс-қимылдар жасауды қарастыратын келісімге бұған дейін 194 мемлекет қол қойып, Сирия мен Никарагуа ғана қол қоймаған еді. Трамп сайлауалды кампаниясында келісім АҚШ-тың экономикалық мүдделеріне қайшы келетінін айтып, одан шығуға уәде берген. Бұған дейін АҚШ пен оның одақтастары және басқа да мемлекеттер Трампқа келісімнен шықпауға ықпал етіп көрмек болған.

Трамп 2017 жылы маусымда Париж келісімін «АҚШ экономикасы үшін қолайсыз келісім болды» деп атап, өз елін бұл келісімнен шығаратынын мәлімдеген. АҚШ әзірге Париж келісімінен шыққан жалғыз ел болып отыр. Келісімге Трампқа дейінгі президент Барак Обаманың тұсында қол қойылған.

XS
SM
MD
LG