«Қазақстанда 31 қаңтарда бірнеше телеарнаның жұмысы уақытша тоқтады» деп хабарлады телерадио хабарларын тарататын «Қазтелерадио» компаниясына сілтеген жергілікті ақпарат агенттіктері.
«Қазтелерадиода» жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізілуіне байланысты 31 қаңтарда сағат 3-тен 17-ге дейін телеарналар хабарларын таратуда үзіліс болуы болуы мүмкін» делінген компания хабарламасында. Жұмысы уақытша тоқтатылған телеарналар қатарында мемлекеттік телеарналар да бар.
Оператордың хабарлауынша, күндіз сигнал таратуда үзіліс болуы мүмкін. Қазір кем дегенде екі ірі мемлекеттік телеарна хабары уақытша тоқтатылған. Телеарналар «тұнық сигнал» жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатқандықтан жоғалып кеткенін айтады.