Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президент сайлауында дауыс беретін бюллетенді бекітті. Бюллетень суреті «Ведомости» газетінде жарияланды. Тізімде ОСК президенттікке кандидат етіп тіркеген сегіз адам – Сергей Бабурин, Павел Грудинин, Владимир Жириновский, Владимир Путин, Ксения Собчак, Максим Сурайкин, Борис Титов және Григорий Явлинский бар.
Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызында өтеді. Сайлауға оппозициялық саясаткер Алексей Навальный да түспек болып еді, бірақ ОСК оны «бұрын сотталған» деп тіркемей қойды. Саясаткер осыдан кейін сайлаушыларды ереуілге шығуға шақырып, алғашқы акция 28 қаңтарда өткізілді. Акцияға Ресейдің ондаған қаласынан мыңдаған адам қатысты.