Accessibility links

Қазақстандық шаңғышылар скиатлонда жүлдесіз қалды


Қазақстандық шаңғышы Евгений Величко жарыс жолында. Пхенчхан. 11 ақпан 2018 жыл.
Қазақстандық шаңғышы Евгений Величко жарыс жолында. Пхенчхан. 11 ақпан 2018 жыл.

Пхенчханда өтіп жатқан олимпиада ойындарында 11 ақпан күні шаңғымен жүгіруден ерлер арасындағы 30 шақырымдық скиатлон (15 км классикалық әдіс +15 км еркін әдіспен жүгіру) жарысында қазақстандық Виталий Пухкало 34-орын алды. Тағы бір қазақстандық Евгений Величко мәреге 43-болып келді. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.

Алтын, күміс және қола медальды норвегиялық спортшылар Симен Крюгер, Мартин Сундбю, Ханс Кристер Холунн иеленді.

Симен Крюгер (7) мен Сундбю (6) жеңістерін тойлап жатқан сәт.
Симен Крюгер (7) мен Сундбю (6) жеңістерін тойлап жатқан сәт.

Пхенчханда күн суық. Шаңғы жарысы өткен сәтте ауа температурасы -12 градусты көрсетіп тұрды. Қатты желге байланысты 11 ақпанда өтуі тиіс тау шаңғысы жарысы 15 ақпанға шегерілді.

11 ақпанда Астана уақыты бойынша 18.00-де қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева финалдық кезеңге қатысып, жүлдеге таласады.

Жарыстың бірінші күні Қазақстан спортшылары үшін сәтсіз басталған.

XS
SM
MD
LG