Accessibility links

Дархан Мыңбай мәжіліс депутаты болды


Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).

Дархан Мыңбай Қазақстан парламенті мәжілісіне депутат болып тіркелді деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі. Мыңбай мәжіліске іс басындағы «Нұр Отан» партиясы атынан депутат болып тіркеліп отыр.

Дархан Мыңбай депутаттыққа дейін Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2012-2013 жылдары мәдениет және ақпарат министрі болған. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, мәдениет және ақпарат вице-министрі, президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Ұлттық мұражай директоры болған.

XS
SM
MD
LG