Accessibility links

Bek Air ұшағы Тараз қаласына апатты жағдайда қонды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Bek Air компаниясының Алматыдан Атырауға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы ақау шығып, Тараз қаласының әуежайына апатты жағдайда қонды деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері. Оқиға 20 ақпан күні таңертең болды. Компания ақпаратына қарағанда, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Informburo сайтының хабарлауынша, бортында 103 жолаушы мен экипаждың төрт мүшесі бар Fokker-100 ұшағы Тараз әуежайына Астана уақыты бойынша 7:20-да қонды.

«Алматы-Атырау рейсінде ұшақтың үрлеу жүйесінде ақау шықты. Ұшақ командирі қауіпсіз деңгейге дейін төмендетіп ұшқан. Атырауға дейін жол қашық болғандықтан, ол ұшақты Таразға қондыруға шешім қабылдаған. Рейсті жалғастыру үшін Алматыдан резервтегі ұшақ жіберілді» деген Bek Air компаниясының бас директоры Сырым Омаржанов Informburo сайтына.

Қазақстан инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті бұл оқиғаға қатысты комментарий бермеді.

XS
SM
MD
LG