Ресей Олимпиада комитеті ресейлік керлингші Александр Крушельницкиден алынған допинг сынамадан тыйым салынған мельдоний препараты табылғанын растады.
Екінші допинг сынамасынан да мельдоний табылған соң Ресей делегациясы оқиғаға қатысты «шынымен өкініш білдірді». Бірақ тест нәтижесі бойынша Крушельницкийдің мельдонийді бір рет қана қолданғанын айтып, мұның спорттағы нәтижеге «онша әсер етпейтінін» мәлімдеді.
Ресейлік атлет Александр Крушельницкий Пхенчхан олимпиадасында керлингтен жұптық жарыста әйелі Анастасия Брызгаловамен қола медаль жеңіп алған. Ал 18 ақпан күні Александр Крушельницкидің допинг сынамасынан мельдоний табылғаны хабарланған.
Оқи отырыңыз: Ресей спортшысы допинг күдігіне ілінді
19 ақпан күні Спорттық арбитраж соты (CAS) Александр Крушельницкиге қатысты іс ашқанын хабарлаған.
Мельдоний препараты жүрек-қан тамырлары ауыратын адамдарға арналған. 2016 жылы ол спортшылардың қолдануына тыйым салынған препараттар тізіміне енгізілген.