Accessibility links

АҚШ Пхеньянға қарсы жаңа ауқымды санкциялар енгізді


АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин
АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин

АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкцияларын күшіне енгізді. АҚШ қаржы министрлігі таратқан ақпаратта ақпанның 23-і күні "қазіргі уақыттағы ең ауқымды" санкциялар пакеті қабылданғаны айтылған.

Жаңадан енгізілген шектеу шаралары ең алдымен Солтүстік Кореяның кеме және сауда компанияларына қарсы бағытталған. Америка әкімшілігінің бұл жолғы санкциясы Солтүстік Корея, Қытай, Тайвань, Панама және тағы бірнеше елдің туы астында жүрген "бір жеке тұлға, 27 заңды құрылым және 28 кемеге" қатысты қолданылады.

АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучиннің айтуынша, Вашингтон әлем бойынша Солтүстік Кореяның мүддесіне жұмыс істейтін компанияларды қудалап, Пхеньянның санкциядан жалтаруына барлық мүмкіндіктерінің жолын қиятын болады. Осындай шаралар Солтүстік Кореяға халықаралық теңіз жолдары арқылы көмір мен отынды заңсыз тасымалдаумен айналысатын компанияларға да қарсы қолданылмақ.

XS
SM
MD
LG