Accessibility links

Чехия билігі Сирия күрдтерінің жетекшісін босатты


Сирия күрдтерінің жетекшісі Салих Муслим Прага сотында. Чехия, 27 ақпан 2018 жыл.
Сирия күрдтерінің жетекшісі Салих Муслим Прага сотында. Чехия, 27 ақпан 2018 жыл.

Чехия билігі Сириядағы күрдтердің жетекшісі, 24 ақпанда Прагада ұсталған Салих Муслимді босатты. Прага соты 27 ақпанда «Демократиялық одақ» (PYD) партиясының бұрынғы басшыларының бірі Салих Муслимді Түркияның сұратқанына қарамастан босату туралы шешім шығарды.

Сот өтетін кезде Муслимнің ондаған жақтасы соттың алдына жиналып, оны босатуды талап етті.

Салих Муслимді 24 ақпан күні Прагада полиция Түркияның Интерполға берген сұрауы бойынша ұстаған.

Түркия соты Муслимді «мемлекеттің тұтастығын бұзды» және басқа да қылмыстар жасады деп айыптайды. Анкара күрдтердің «Демократиялық одақ» партиясын «террорлық топ» деп біледі.

67 жастағы Салих Муслим былтыр партияның тең төрағасы қызметінен отставкаға кеткенімен, әлі де ықпалды саясаткер саналады.

XS
SM
MD
LG