Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасында жүздеген адам кезекте тұр


Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасындағы «Достук» бекетіндегі халық. 28 ақпан 2018 жыл.
Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасындағы «Достук» бекетіндегі халық. 28 ақпан 2018 жыл.

Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасындағы «Достук» кеден бекетінде тағы кезек пайда болды. Азаттықтың Қырғыз редакциясы тілшісінің есептеуінше, бекетте бір жарым мыңға тарта адам шекарадан өтуге кезекте тұр. Шекарашылар егде кісілер мен аяғы ауыр әйелдерді кезексіз өткізіп жатыр.

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі Өзбекстанмен шекарадағы кезек екі ел арасында сауда-саттық көлемі артқандықтан көбейгенін айтады. «Қырғызстан мен Өзбекстан жағында бірдей кезек бар. Ара-тұра, негізінен таңертең және түс уақытында, базар болатын кезде осындай адам мен көлік қарасы көбейеді» деді шекара қызметі.

Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, «Достук» бекетінде қосымша шекарада тексеру кабиналары жұмыс істейді. 2018 жылы 15 қаңтардан бастап Қырғызстанға кіреберісте және шығаберісте 10 кабина паспорт тексере бастады. Шекарадан өтетін адам саны 1,7 пайызға (тәулігіне 7 мың адамнан астам) ұлғайған. Таяуда тағы төрт кабина орнату жоспарланып отыр.

2017 жылы қыркүйекте Өзбекстан Қырғызстанмен шекарадағы шектеуді жойған. Екі ел азаматтары жеті жыл бойы көрші елдегі туыстарына бара алмай және сауда жасай алмай қалған еді.

XS
SM
MD
LG